Мадридте рақымшылыққа қарсы 170 мың адам бас көтерді

Испания астанасы Мадридте рақымшылық туралы заңға қарсы ірі наразылық акциясы өтті.

Оған 170 мың адам қатысқан. Бірақ ұйымдастырушылар халық саны бұдан көп болғанын айтады. Жұрт қамауға алынған оппозиция өкілдеріне қатысты құжатқа қарсы бас көтерген. Бірнеше күн бұрын қазіргі премьер-министр Педро Санчес жаңа мерзімге сайланған еді. 2017 жылы Каталонияның Испаниядан бөлінуін талап еткен депутаттар оның коалициясына дауыс берген. Бұл қолдауы үшін үкімет басшысы каталондық сепаратистердің жетекшілеріне рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлеуге келісті. Бірақ шешім көптің көңілінен шықпай тұр. Наразы топ ол заң үстемдігіне қауіп төндіретінін айтады.

Иван Македа, ереуілші:

- Педро Санчес кез келген жолмен премьер-министр болуға дайын. Ол өз мүддесі үшін бұған дейін қабылданған сот шешімінің күшін жоймақшы. Ал бұл демократия қағидаттарына қайшы келеді.