Париждегі саябақ жануарларды бейнелеген шамдармен көмкерілді

Париждегі орталық саябақ жануарларды бейнелеген шамдармен көмкерілді.

Келушілер ертегілер әлеміне тап болғандай күй кешіп жүрміз дейді. Бұл бастаманы Табиғат музей мамандары мен ғалымдар қолға алған. Олардың айтуынша, биыл саябақты безендіру үшін экзотикалық жануарлар таңдалған. Осылайша, белсенділер бір жағынан жылдан жылға нашарлап бара жатқан экожүйені қорғау мәселесіне де назар аудартпақ. Көрме қаңтар айына дейін жалғасады.