Тейлор Свифттің концерті кезінде көрермен көз жұмды

Танымал америкалық әнші Тейлор Свифттің Рио-де-Жанейродағы концерті кейінге қалды.

Оған жұмада болған қайғылы оқиға себеп. Қаладағы стадионда концерт кезінде 23 жастағы көрермен есінен танып қалған. Кейіннен ауруханада көз жұмды. Алдын-ала мәлімет бойынша, марқұм аптап ыстықтан өзін нашар сезінген. Рейтер агенттігінің хабарауынша, сол күні температура 59 градусқа жеткен. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал ұйымдастырушылар стадионға өзімен бірге су алып кіруге рұқсат етпепті.

Лара Ита, жанкүйер:

- Өзімен бірге су алып кірмеу қауіпсіздік мақсатында қабылданған шешім екенін түсінеміз. Бірақ соңы осындай жағдаймен аяқталды. Спорт жанкүйерлеріне мұндай шектеу қойылмайды ғой. Біз де сондай адамбыз. Бізге де құрмет көрсетілу керек.