Түркияда жүк кемесі екіге қақ айырылды
Түркияда дауыл салдарынан жүк кемесі екіге қақ айырылды.
Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. 13 экипаж мүшесі жағаға аман-есен шығарылған. Су көлігі елдің сотүстігіндегі Зонгулдак портына жеткізілген. Ауа райына байланысты қазір Түркияның 60-тан аса қаласында ескерту жарияланды. Синоптиктер жел соғып, нөсер жауатынын айтады. Осыған байланысты Ыстамбұл әуежайында 200-ге жуық рейс кейінге қалды.