Еурокомиссия басшысы Газа маңына барды
Еурокомиссия басшысы Мысыр мен Газа секторы шекарасындағы "Рафах" бақылап-өткізу бекетіне барды.
Қарулы қақтығыс жүріп жатқан аймаққа гуманитарлық көмек осы өткел арқылы жеткізіледі. Урсула фон дер Ляйен Каирде президент Әбдел Фаттах Ас-Сисимен кездесіп, олар Газа Секторындағы гуманитарлық жағдайды талқылады. Енді Еурокомиссия басшысы Амманға барып, Иордания королімен жүздеспек. Басты міндет - Палестина халқына қол ұшын созу.
Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:
- Газа Секторына Рафах бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуіне рұқсат бергені үшін алғыс айтамын. Осы ретте Египетті логистика жағынан қолдап жатырмыз. Кейінгі бір айда Еуроодақ тарапынан көрсетілетін көмек көлемі 4 есе артып, 100 миллион еуродан асты.