Германияда лудоманияға шалдықққандар көп
Елде мұндай миллионнан аса адам бар.
Тағы 3 миллионында құмар ойынға тәуелділіктің алғашқы белгілері байқалып келеді. Зерттеу жүргізген Бремен университетінің ғалымдары осылай дейді. Бұған неміс саясаткерлері де алаңдаулы. Сол себепті теледидар, әлеуметтік желілер мен спорттық іс-шаралар кезінде ойынханалардың жарнамасын шектеуге шақырады. Былтыр мұндай мекемелердің табысы 13 миллиард еуродан асқан. Әсіресе ойын автоматтарынан көп пайда түскен.
Михаэль Ризе, алдын ала көмек көрсету орталығының қызметкері:
- Германияда құмар ойындарды шектеу бойынша әр федералдық аумақтың басшылығы өз бетінше шешім қабылдайды. Сондықтан әр өңірдің ережесі алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, Берлинде ойынханалар мен букмекерлік кеңселер мектептен кемі 200 метр, ал бір-бірінен 500 метр қашықтықта орналасуы керек. Осы талапқа сай келмегендерінің біразы жабылды. Құмар ойнаушылар саны да едәуір азайды. Бірақ заңсыз жұмыс істейтіндер көбейіп кетті.