Дубайдағы бәсі биік көрме
Дубайда өткен халықаралық әуе көрмесінде жалпы құны 100 миллиард долларды құрайтын келісім-шарттарға қол қойылды.
Бұл - рекордты көрсеткіш. Сарапшылар осыған қарап азаматтық авиация саласының пандемиядан кейін қалпына келе бастағанын көруге болады дейді. Келісім-шарттардың көп бөлігі жергілікті "Эмирейтс" компаниясына тиесілі. Ол "Боинг" пен "Эйрбас-тан" 60 миллиард долларға 110 ұшақ сатып алатын болды. Айта кеткен жөн, Дубайдағы халықаралық әуе көрмесі 2 жылда бір рет өтеді. Онда жалпы ұшу, сондай-ақ ғарыш аппараттары, жер серіктері, авиациялық жабдық пен техника көпшілік назарына ұсынылады.