Анкарада «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы сахналанды
Анкарада заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы сахналанды.
Түркістан облысының 5 жылдығы мен Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының 55 жылдығына орайластырылған іс-шара Түркия астанасының тарихи мұражайында өтті.
Ерекше форматтағы комедияның премьерасы осыдан үш ай бұрын Жетісай драма театрында өткен. Көрсетілім еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен елшіліктің қолдауымен ұйымдастырылды. Режиссері Тілеген Ахмет.
Камал Орал, Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры директоры:
- Жалпы театр тарихындағы Түркия мемлекетінде алғашқы гастрольдік сапар болып отыр. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Үлкен тәжірибе алмасу. Үлкен жетістіктер деп білеміз. Жалы біздің театрымызға, облысымызға үлкен серпіліс білдіріп отыр.
Айман мен Шолпан – Маман байдың ерке қыздары. Әкесі екеуін ұзатпақ болғанда айналадағы еркек біткен бойжеткен сұлу қыздарға қызығып, үйленбек ниетте ынтызарлықпен әрбірі білек сыбана сүйіспеншілік «майданына» түседі. Сөйтіп, соңы текетіреске ұласады.
Абдуллах Аллахберді, көрермен:
- Түрікменмін. Анкарада қазақ мәдениеті және өнерімен танысуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға мың алғыс. Керемет кеш өтті. Ұқсастығымыз да, айырмашылығымыз да бар екен.
Айта кетерлігі, «Айман- Шолпан» музыкалық комедиясы қазақ тілінде сахналанды. Түрік көрермені тілін толық түсінбегенімен айтар ойын жақсы түйсінді десек, қателеспеспіз.