Үндістанда 41 жұмысшыны құтқару әзірге мүмкін емес
Үндістанда опырылған туннель астында қалған 41 жұмысшыны құтқару әзірге қолдан келмей тұр.
Осылай деген билік жаңадан құрылған 5 түрлі жоспарды талқылауға кірісті. Шенеуніктер 12 қарашадағы апаттан кейін жер астында қамалып қалған 41 адамның бәрі дін аман дейді. Оларға құбыр арқылы азық-түлік, ауызсу мен дәрі-дәрмек жіберіліп жатыр. Арасында күйзеліске түсуден қорғайтын дәрілер де бар. Апаттың себебі де әлі күнге дейін анықталған жоқ. Құтқарушылар 4,5 шақырымға созылған туннельде бұрғылау жұмысын қайта жалғастырды.