БҰҰ: 2030 жылға қарай ауа температурасы көтеріледі
Планетадағы ауа температурасы 2030 жылға қарай 3 градусқа дейін көтеріледі деген қауіп бар.
Біріккен Ұлттар ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр. Ұйымның жаңа баяндамадасында, жаһандық жылынудан құтылу үшін көмірқышқыл газдың сыртқа жайылуын 42 пайызға азайту керектігі айтылды. «Бұлай болмаған жағдайда, жаһандық жылыну, қуаңшылық пен өрт, мұздықтардың еруі мен су тасқыны сияқты алапат табиғи апаттардан құтылу екіталай», - дейді сарапшылар.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:
- Әр елдің басшылары өз алдына тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Өнеркәсіп шығарындыларын азайту керек. Ғаламдық жылынудың алдын алу үшін жасалған барлық жоспарды қазірден жүзеге асыру маңызды.