Қазақстан мен Люксембург ынтымақтастығы
Брюссельде өткен "Шикізат апталығы" аясында, Қазақстан мен Люксембург компаниялары өзара стретегиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.
Бұл құжат, Қазақстанда құрылыс және өнеркәсіп салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруды көздейді. Тараптардың айтуынша,,, еуропалық тәжірибеге негізделген екіжақты ынтымақтастық тұрғын үй құрылысында жаңа технологияларды қолдану арқылы энергия тиімділігін арттыруға бағытталмақ.
Магомед Имадов, Қазақстандық компания директоры:
- Ақылды үйде тұрған әрине жақсы.. бірақ барынша қуат көзін үнемдеу қажет.. әрі жаңартылған энергия көздерін пайдалану маңызды. Осы ретте біз тұрғын үйлерді орташа немесе одан да төмен табысқа ие адамдар үшін қолжетімді әрі жайлы етіп жасағымыз келеді.
Джанкарло Флорес, Люксембургтік компания өкілі:
- Екі тарап үшін де үлкен мүмкіндікке жол ашылды деп ойлаймын. Біз Қазақстанда архитектураға қатысты біраз жобаларымызды жүзеге асырғымыз келеді. Қазір Люксембург пен Испанияда 60-тан астам жобамыз бар. Мен осыдан 1 ай бұрын Қазақстанға барғанымда, Астана мен Алматыда болдым. Астананың архитектурасы өте керемет. Адамдары да сондай қонақжай.