Үндістанда туннельге қамалғандардың бейнежазбасы жарияланды
Үндістан билігі опырылған туннель ішіндегі жұмысшылардың жағдайынан хабар беретін, бейнежазба жариялады.
Құрылғыны орнатуға 1 апта уақыт кеткен. Енді жұмысшылардың туған-туыстары құтқару операциясын тездетуді талап етіп отыр. Әзірге билік жер астында қалған 41 адамның дін аман екенін жеткізіп, жұбатып әлек. Оларға құбыр арқылы азық-түлік, ауыз су мен дәрі-дәрмек үздіксіз жіберіліп жатыр. Апат себебі де әлі анықталған жоқ.