Жапония билігі ресми Пхеньянды айыптады
Жапония билігінің пайымынша, ресми Пхеньян алғашқы тыңшы спутниктік зымыранды ұшырды.
Бұл туралы премьер-министр Фумио Кисида мәлімдеді. Оның айтуынша, елдің оңтүстік аймағына қауіп төнді. Соған байланысты бүгін түнде төтенше хабар тарату жүйесі арқылы Окинава тұрғындарына үйден шықпау немесе жер астын паналау туралы ескерту жасалды.
Фумио Кисида, Жапония премьер-министрі:
- Бүгін Солтүстік Корея баллистикалық зымыран технологиясын қолдана отырып, тыңшы спутнигін ұшырды. Қазір оның қаншалықты қауіпті екенін талдап жатырмыз. Баллистикалық зымыран технологиясын қолдану БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарындағы талаптарды бұзу екенін еске саламыз.