Еуроодақ Газа секторына көмек көрсетуді жалғастырады
Еуроодақ тарапынан палестиналықтарға бөлінген қаражат ХАМАС-қа емес, Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы агенттігіне беріледі.
Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровский осылай деп мәлімдеді. Қаржылай қолдау мен гуманитарлық көмек көрсету жалғасады. Бұған дейін Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен 7 қазанда ХАМАС тарапынан шабуыл жасалғаннан кейін аймаққа қаражат бөлу мәселесін қайта қарау қажет деген еді. Алайда тексеріс барысында Еуроодақ ақшасының ХАМАС ұйымына берілмегені анықталды.