Израиль мен Палестина қақтығысы кезінде 51 журналист қаза тапты
Израиль мен Палестина арасында қарулы қақтығыс басталғалы 50-ден астам БАҚ қызметкері көз жұмған.
Олардың 26-сы палестиналық, 4-і израильдік, тағы екеуі ливандық журналист. Бұдан бөлек, 8 маман жарақат алып, 9-ы із-түзсіз жоғалып кеткен. Журналистерді қорғау комитетінің мәліметінше, күні кеше, израильдік ұшақтың соққысынан үш адам қаза тапты. Оның біреуі бейбіт тұрғын болса, қалған екеуі Ливанның "Әл-Маядин" телеарнасының қызметкері. Арна Палестинаны жақтайтындықтан, соққы түсірілім тобына әдейі бағытталуы мүмкін -дейді зардап шегуші тарап. Журналистердің өліміне байланысты кек алу мақсатында, "Хезболла" қозғалысы Израильдің әскери бөліміне екі зымыранмен соққы берді деген ақпарат тарады.
Гассан Джавад, журналист:
- Журналистер дағдарыс кезінде, маңызды жұмыстарды атқаратын бейбіт тұрғындар. Оларды өлтіру-өте ауыр қылмыс. Шындықты хабарлауға жол бермеу үшін, тілшілердің көзін жою қасақана жасалады.