ЮНИСЕФ: Газа секторы – бүлдіршіндер үшін әлемдегі ең қауіпті аймақ

ЮНИСЕФ ұйымы Газа секторын бүлдіршіндер үшін әлемдегі ең қауіпті аймақ деп таныды.

Халықаралық құрылымның атқарушы директоры БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шабуыл басталғалы палестиналық 5300 баланың жазықсыз өлім құш-қанын жеткізді. Өткен аптада ұйым өкілдері Анклавқа арнайы барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты. Олардың сөзінше, қарулы қақтығыстан әсіресе сектордың кішкентай тұрғындарына қауіп орасан. Өйткені мұнда ауызсу мен азық-түлік тапшы, антисанитариялық жағдайда тәулігіне шамамен 180-ге жуық әйел босанады. Оларға медициналық көмек көрсетілмейді, еш күтім жоқ. Ал қақтығыс басталған 47 күн ішінде 7 мыңға жуық сәби өмірге келген.

Кэтрин Рассел, ЮНИСЕФ ұйымының атқарушы директоры:

- Біз әсіресе оңтүстікке эвакуацияланып, отбасынан жырақ қалған босқын балалар мен медициналық көмек алу үшін ауруханаға жақындарынсыз жеткізілген сәбилер үшін қатты алаңдаймыз. Өкініштісі, олардың қатары күн санап артып жатыр. Сол себепті жазықсыз бүлдіршіндерге уақытша күтім көрсетіп, ата-анасымен қауышуына жағдай жасауымыз керек.