Таяу шығыс. Уақытша бітім басталды
Бүгін ХАМАС пен Израиль арасындағы төрт күндік бітім басталды.
Кепілге алынған 13 Израиль азаматы босатылады. Сонымен қатар, 39 палестиналық еліне қайтарылады. Израильдіктер Мысыр арқылы, ал палестиналық азаматтар Батыс жағалау бағытымен өз елдеріне жеткізіледі.
Еске салайық, шарт бойынша, Израиль кепілге алған 150 палестиналықты, ал ХАМАС бұған айырбас ретінде 50 тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен балаларды босатуы керек.
Бұдан бөлек, үзіліс кезінде Газа секторына гуманитарлық көмек, дәрі-дәрмек, жанармай жеткізіледі. Қақтығыс басталғалы бері 13 мыңнан астам палестиналық пен 1,5 мың Израиль тұрғыны опат болды.
Мажид Бен Мұхаммед әл-Ансари, Қатар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Бейбіт тұрғындардың алғашқы легі бүгін сағат 16:00 шамасында босатылады. Бір отбасынан шыққан әйелдер мен балалар бір учаскеге жиналады. Төрт күн ішінде келісілгендей, 50 тұтқынды босату көзделіп отыр.