Таяу Шығыста опат болғандар саны 16 мыңнан асты
Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстан опат болғандар саны 16 мыңнан асты.
Оның ішінде 14 мың 800 адам – Газа тұрғындары. ХАМАС Медиа кеңсенің бас директоры Исмаил әл-Тавабта-ның хабарлауынша, марқұмдардың 6 мыңнан астамы – балалар, 4 мыңдайы – әйел адам. Тағы 36 мың тұрғын әр түрлі дәрежедегі жарақат алған. Хабар-ошарсыз кеткендер саны 7 мыңнан асты. Ал Израиль Үкіметі, қақтығыс басталғалы елде шамамен 1200 адамның опат болғанын хабарлайды.
Еске салайық, бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-ден бастап Газа секторында төрт күндік уақытша бітім басталды. Кепілге алынған тұрғындар босатылады, деп күтілуде.