Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға талап қойды
Қытайдың солтүстігінде вирустық инфекциялар дендеп тұр. Ауру әсіресе балалар арасында көп.
Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді.
Олардың сөзінше, тұмау қатты өршіп пневмонияға ұласып жатыр. Қазір елдегі балалар ауруханасында ине шаншар жер жоқ. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үкіметтен дертке қарсы шара қолдануды талап етіп отыр.