Венесуэлада инфляция деңгейі 360 пайызға жетті
Ия, баға Ресейде инфляция барған сайын асауланып, бас бермей барады.
Ресми дерек осылай дейді. Ел билігі оны барынша тұқыртып, тізгінді қолдан шығармауға тырысқанымен, баға бой берер емес. Осыған байланысты Орталық Банк қаржы-несие саясатын қатаңдатуға мәжбүр. Яғни пайыздық мөлшерлермені көтеретін болды. Экономикасы теңселіп тұрған Түркия да осындай қадамға барды. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Латын Америкасындағы бұл елде инфляция деңгейі үштаңбалы санға жетті. Қазір көрсеткіш 360 процентке тең. Толығырақ бірер секундтан кейін айтамын.
Венесуэланы қымбатшылық жайлағаны қай заман. Мұндағы күрделі экономикалық жағдайдың жалғасып келе жатқанына он жылдан асты. Бірақ кейінгі кезде ахуал тіптен ушығып кетті. Латын Америкасындағы бұл ел инфляция бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Өткен айдың қорытындысы бойынша оның деңгейі 360 процентке жеткен. Венесуэланың көш соңында келе жатқанына осымен 10 жыл болды. Мұның бірнеше себебі бар. Мемлекет экспортының 90 пайызы мұнайға тиесілі. Әлемде қара алтын бағасы күрт төмендегенде, елдегі ахуал да қиындады. Сосын АҚШ тарапынан салынған санкциялар бар. Өз кезегінде сарапшылар биліктің экономикалық саясаты дұрыс еместігін айтады. Соның салдарынан халықтың 80 проценті кедейшіліктің кебін киді дейді олар.
Мигдалия Увьедо, зейнеткер:
- Мен арзан азық-түлік іздеймін. Ол үшін әдетте базарға барамын. Тойып тамақ ішпеймін. Бәрін аз-аздан жеймін. Тамаққа етті арасында ғана қосамын. Тауықтың өзін бірнеше күнге жеткізуге тырысамын.
Түркияда пайыздық мөлшерлеме тағы өсті
Венесуэладан бөлек төменгі сатыда Африкадағы Зимбабве мен Судан, Латын Америкасындағы Аргентина тұр. Бесінші орында - Түркия. Өткен айдың қорытындысы бойынша мұнда инфляция деңгейі 60 пайыздан асқан. Көрсетіштер одан да нашар болатын. Өйткені билік ұзақ уқыт бойы Орталық Банкке пайыздық мөлшерлемені көтеруге рұқсат бермеді. Ал бұл қымбатшылықты тежеу үшін қажет шара. Орталық банк басшысы ауысқаннан кейін биыл жазда кейінгі 2 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлеме өсті. Сөйтіп 5 айдың ішінде көрсеткіш осымен алтыншы рет көтеріліп, 40 пайызға жетті.
Блиц:
- Орталық Банк инфялциямен күресіп, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Пайыздық мөлшерлемені де сол үшін көтерді. Бірақ соған қарамастан, қымбатшылықтың беті қайтар емес.
- Пайыздық мөлшерлермені өсіргеннен не пайда? Түк өзгеріс жоқ. Биліктің жария етіп отырған сандары шындыққа ұласпайды. Нақтысында, инфляция әлдеқайда жоғары.
Ресейде баға бағынбай барады
Ресейде де биыл пайыздық мөлшерлеме осымен төртінші рет көтерілді. Орталық банк басшысы қымбатшылықпен күресу үшін алдағы уақытта қаржы-несие саясатын қатаңдатуға тура келетінін жоққа шығармады. Бұл мөлшерлеме әлі де өсуі мүмкін деген сөз. Мұндағы мақсат - инфляцияны 4 пайызға дейін жеткізу. Әзірге жылдық көрсеткіш 7 проценттен асады. Салдарынан әсіресе азық-түлік бағасы айтралықтай өскен.
Роксана Гельткова, Мәскеу тұрғыны:
- Ет, сүт өнімдері, жеміс, көкөніс 25 пайызға қымбаттады. Менің күйеуім шұжықты жақсы көреді. Оны міндетті түрде сатып аламын. Бірақ баға деген ырыққа көнбей тұр. Тамақ қана емес, киім де аспандап кетті. Әуе билеттерінің де бағасы екі есе өсті.
Еуроодақ елдерінде де азық-түлік бағасы шарықтап барады. Көш соңында Бельгия, Нилерланд пен Испания тұр.