Перуде әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты
Перу астанасы Лимада әйелдер шеруге шықты.
Олар нәзік жандыларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылық тоқтатылсын, деп ұрандатты. Ұрып соғу, кәмелет жасына толмаған қыздардың жүктілігі, зорлықтан ажал құшу Перу қоғамының басты мәселелері. Биыл жыл басынан бері елде 110 әйел зорлықтың құрбаны болды. 100 мыңнан астам тұрмыстық зорлық оқиғасы тіркелген.
Лилия Моралес Варгас, тұрғын:
- Менің қызым зорлықтың құрбаны. Оның өліміне себеп болған адам қазір түрмеде, алайда бостандыққа шығып кетуі әбден мүмкін. Мен әділеттілікті қалаймын. Біздің қоғамымызда әйелдер қорғалмаған.
Мехико қаласында да әйелдер жиналып, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы шара өткізді. Амнести Интернейшнл (Amnesty International) ұйымының деректері бойынша бұл мемлекетте күніне орта есеппен 10 әйел зорлықтан ажал құшады. Белсенділер әділеттілік орнатылып, заңның күшейтілуін талап етті.