Британияда ормандар сиреп барады
Ұлыбританиядағы ең үлкен орманның бірі Хейвуд кейінгі 80 жылда 2 есе сиреген.
Оған себеп климаттық өзгерістер және аймақта шаруашылықтардың қарқынды дамуы. Адамның іс- әрекетінен топырақ пен су ластанып табиғат тепе-теңдігін жоғалтты дейді сарапшылар. Күн бұрынғыдан ыси түсіп, жауын-шашын азайған. Енді орманды қайта қалпына келтіру үшін еріктілер бас жиып ағаш егіп жатыр.