Лондон Палестинаны қолдау митингісін өткізді
Лондон 7-ші рет Палестинаны қолдау митингісін өткізді.
Жиылған ел Газа секторында атыстың тоқтатылғанын қалайды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, шеруге 100 мыңға жуық адам келген. Олар қазіргі тұтқын алмасу, гуманитарлық жүк жеткізу үшін келіскен 4 күндік бейбіт өмірді тым аз мерзім дейді. Бұл қақтығыс еш шартсыз, тез арада тоқтауға тиіс, - дейді халық. Британия астанасында митинг 7 қазаннан бері 7 апта қатарынан, яғни әр сенбі-жексенбіде «соғыс тоқтатылсын» деген ұранмен өтіп келеді. Демонстрацияға шыққандар қақтығыс тоқтамай, біз де тоқтамаймыз дейді.