Түркияда ақжауынның соңы селге ұласты

Әсіресе Егей теңізінің маңы, Измир мен Мармара жағалауындағы Балыкэсир, Ақтеңіздің Анталия тұсында үйлерге су кіріп, қайықтарды толқын шайып әкетті.

Кесе көлденең құлаған ағаштар жолды жауып, көліктерді басып қалған. Ал Бурсаның Улудағ курорттық аймағында қар жауып тұр.

Төтенше жағдайлар қызметінде тыным жоқ. Елдегі 87 провинцияның 67-сінде жауын-шашын, қар мен дауылға байланысты ескерту жарияланды. Осының алдында аз күн бұрын өңірде сел жүріп, 9 адам опат болған еді. 11-і ұшты-күйлі жоғалып кеткен.