Үндістандағы фестиваль қайғылы аяқталды
Музыка фестивалі трагедиямен аяқталды.
Үндістанның Кочи қаласында жаңбырдан бой тасалаған студенттер университет ғимаратын паналаған. Бірақ 2 мыңға жуық адам бірін-бірі таптап, екі ортада 4 студент жан тәсілім еткен. Тағы 60-қа жуық адам жарақат алды. Ауруханада жатқандардың көбі ауыр халде, - дейді дәрігерлер. Өйткені көбі басынан жарақат алған.