ХАМАС тағы 17 тұтқынды босатты
Олардың арасында 9 бала мен 4 шетел азаматы бар.
Израиль болса түрмедегі тағы 39 палестиналықты еркіндікке жіберді. Олардың барлығы әйелдер мен жасөспірімдер. Бұл қос тарап арасында атысты тоқтату туралы уақытша бітім жасалғалы үшінші мәрте тұтқын алмасуы. Жалпы уағдаластыққа сай 4 күн ішінде Израиль 150, ал ХАМАС 50 адамды босатуға тиіс. Бірақ Катар билігі уақытша келісім тағы созылуы мүмкін деп отыр. Ол үшін ХАМАС Газадағы басқа қарулы топтардың қолындағы Израиль азаматтарын тауып, босатуға күш салуы тиіс. Мәліметке қарағанда өзге топтардың қолында 40 Израиль азаматы болуы ықтимал.