Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім тағы 2 күнге ұзартылды
Бұл туралы Қатар елінің Сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдеді.
Мәмілені ұзарту кепілге алынғандардың тағы бір тобы босатылатынын білдіреді. Бұл ақпаратты ХАМАС өкілдері растады. Ал Израиль тарапы әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен бір күн бұрын премьер-министр Биньямин Нетаньяху кепілге алынғандарды босату мүмкіндігін құптайтынын айтқан.