Әлемде қызылшаға қарсы вакцина алғандар саны азайып кеткен

Коронавирус пандемиясы кезінде әлемде қызылшаға қарсы екпе алған адамдардың саны күрт азайып кеткен.

Соның салдары болса керек, кейінгі жылдары 37 елде эпидемия тіркелді. Вакцина салу – экономикалық тұрғыдан да тиімді деп санайды мамандар. Мәселен, АҚШ екпенің арқасында жылына 8 миллион доллар үнемдейді.

Германияда қызылшаға қарсы вакцина міндетті екпе қатарына жатады. Тиісті заң 3 жыл бұрын күшіне енген. Оған сәйкес, балабақша мен мектепке баратын барлық бала қызылшаға қарсы екпе салдыру керек. Әйтпесе ата-анасына айыппұл салынады. Оның мөлшері 2 жарым мың еуроға дейін жетеді. Бұл біздің ақшамен 1 миллион 300 мың теңгеге жуықтайды. Емдеу, білім беру және әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне де осындай талап қойылады. Өйткені 2018 жылы мұнда ауру қатты өршіп кеткен. Вакциналау нәтижесінде қызылшаны жұқтыру деңгейі айтарлықтай төмендеген. Бірақ кейінгі кездері індеттің өршу деректері тіркеле бастады. Бұл елге келген мигранттармен байланысты дейді сарапшылар. Өйткені олардың арасында екпе салдымарғандар көп.

Аксель, Берлин тұрғыны:

"Менің екі балам бар. Ұлым сегізде. Қызым онда. Екеуіне де қызықшаға қарсы екпе салдырдық. Бұл міндетті вакцина. Ол балалармның амандығы үшін қажет. Бұл қоғамды қорғау құралы десек болады." 

Ұлыбритания

Ұлыбританияда да биыл қызылша өршіді. Әсіресе алғашқы жарты жылда оқиғалар саны көбейген. Солардың үштен екісі Лондонда тіркелді. Бұған иммундау деңгейінің төмен болуы себеп. Өйткені 2000 жылдары жергілікті дәрігердің бірі екпе салдырған адам аутизмге шалдығуы мүмкін деген жалған ақпарат таратқан. Бірақ болжамы кейіннен ғылыми тұрғыда жоққа шығарылды. Ал дәрігердің өзі медицина қызметкерлерінің тізілімінен шығарылды. Бірақ оған сеніп қалған адамдар көп болып, вакцинадан бас тартқан. Салдарынан 2019 жылы Ұлыбритания қызылшаны жеңіп шыққан елдер тізімінен шығып қалды. Сол жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы корольдікпен қатар Албания, Грекия мен Чехия да осындай мәртебеден айырды.

Наташа Краукрофт, ДДСҰ өкілі:

"Қызылшаны жеңіп шығу үшіг вакциналау деңгейі жоғары болу керек. Ауруды басқаша еңсере алмаймыз. Бірақ өкінішке орай, әлемде екпе салдырмаған бала көп. Бұл ормандағы құрғақ ағаш сияқты. Күндердің күнінде соңы өртке ұласатыны белгілі. Эпидемия кезінде де дәл солай болады."

АҚШ

АҚШ та 2000 жылы қылышаны жеңіп шыққан ел атанды. Бірақ 2019 жылы 1300-ге жуық оқиға тіркелген. Бұл 1992 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш. Ауруды жұқтырғандардың бәрі шетелге саяхаттағандар не олармен қарым-қатынаста болғандар. Елде екпе салдыру деңгейі жоғары. Америкалықтар мұның экономикалық жағынан да тиімді екенін жақсы түсінеді. Өйткені бір деректің өзіне орта есеппен 33 мың доллар жұмсалатыны анықталған. 2009 жылы вакцина елде 3 мың өлімнің алдын алып, 8 миллион доллар үнемдеуге септескен.  

Жұлдыз Атагельдиева, Ақерке Бақтыбайқызы