Кенияда су тасқынынан 120 адам қаза тапты

Кенияда тасқыннан көз жұмғандар саны 120-ға жетті.

Табиғи апаттан кейін 90 мың адам қонысын тастап, босып кеткен. Егістік алқаптары мен жайылымдық жерлер қатты зардап шегіп, ондаған мың мал қырылып қалды. Электр желілері үзіліп, тұрғындар бірнеше күннен бері жарықсыз отыр. Қазаннан бері толасыз жауған нөсердің кесірінен елдің мазасы кетті. Синоптиктер құбылмалы ауа райы тағы бір ай жалғасады деп ескертіп отыр.