Перудегі қаланы топан су басты

Перуде тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан Уанкайо қаласын су басты.

Табиғи апаттың кесірінен 10-нан астам үй бүлініп, оның бесеуі жермен жексен болған. Кейбір тұрғындардың автокөліктеріне зақым келіп, жарамсыз күйде қалған. Қаланы қалыпқа келтіру жұмыстарына арнайы мамандар мен еріктілер тартылды.