Израиль мен ХАМАС арасындағы уақытша бітім аяқталды
Тараптардың ешқайсысы оны ұзарту туралы ұсыныс айтқан жоқ. Әзірге қақтығыс алаңы тыныш.
Дегенмен, Израиль билігі Газа секторындағы шабуылды қайта жандандыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ХАМАС-ты бітімгершілік шарттарын бұзды және Израиль территориясын бомбалады, деп айыптап отыр. «Бітім аяқталуына 1 сағат қалғанда, Газа секторынан атылған зымыранды анықтадық», - дейді Израиль билігі.