Парижде суретші С. Жұбановтың туындылары қойылған көрме ашылды
Француз жұртышылығы Қазақстанның петроглифтерімен танысты.
Парижде белгілі суретші Санжар Жұбановтың туындылары қойылған көрме ашылды. Автор ұзақ жылдар бойы тастарды арт-нысанға айналдыруымен танымал. Көрмеде ежелгі түркілер мұрасы, «Көк Тәңірі» ұғымы экспозициялары ұсынылған. Сонымен қатар, бұл тақырып жапондық өмір философиясымен де үндес. Сондықтан, әйгілі жапон суретшілері ТошИ және Акира Инумарудың туындыларын да осы көрмеден көруге болады. Ал келушілер шығыс мәдениеті мен философиясынан ерекше әсер алғандарын айтты. Көрме желтоқсан айының ортасына дейін жалғасады,
Франческа Мароккино, өнер тарихшысы, көрме комиссары:
- Қазақстандық Санжар Жұбанов пен екі жапон суретшісінің туындысы көпшілікке таныстырылды. Өнердің құдыретін авторлар шебер жеткізген.