Корея барлаушы жерсерік ұшырды

Оңтүстік Корея амеркиалық SpaceX компаниясының көмегімен орбитаға барлаушы жерсерігін ұшырды.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы әскери базадан көкке көтерілген тыңшы аппарат 600 шақырымдай қашықтықта ұшып жүреді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Жердегі көлемі 30 сантиметрлік затты бақылай алады. Негізі бұл құрал Солтүстік Корея аумағын барлау үшін жіберілді.

Жалпы Оңтүстік Корея 2025 жылдың соңына дейін тағы осындай 4 барлаушы жерсерігін ұшыруды жоспарлап отыр.