Газа секторындағы қарулы қақтығыс қайта ушықты
Таяу Шығыста ХАМАС пен Израиль арасындағы уақытша бейбіт бітім бұзылып, қарулы қақтығыс қайта ушықты.
Израиль күштерінің бомбалауынан соңғы бір тәулікте 200 жуық адам қаза тауып, 500 аса тұрғын жараланған. Ресми Тель-Авив ХАМАС-тың 200 нысанын талқандағанын және қарулы топтар әлі 140 адамды тұтқында ұстап отырғанын айтады.
Еске сала кетейік, ХАМАС пен Израиль арасында өткен аптадан жалғасып келе жатқан уақытша бітім кеше бұзылып, қақтығыс қайта жалғасты. Тараптар уақытша келісімнің бұзылғаны үшін бір-бірін айыптап отыр.