Эйфель мұнарасының маңында бір адам пышақтан көз жұмды
Париждегі Эйфель мұнарасының жанында қарулы шабуыл жасалды.
25 жастағы Германия азаматы тұрғындарға пышақ жұмсап, 1 адамды өлтірген. Тағы 2-уі ауыр жараланған. Күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Францияның Ішкі істер министрі мәлімдеген. Күдікті бұған дейін де зорлық-зомбылық әрекеті үшін 4 жыл түрмеде отырып шыққан екен. Жергілікті билік тіпті бұл лаңкестік шабуыл болуы мүмкін дейді. Әзірге тергеу жүріп жатыр.