Қазақстанның іскер әйелдері марапатталды

Қазақстандық Гүлнәр Мұқанова және Мадина Тұқылова WOMANi Awards 2023 жүлдесімен марапатталды.

Бұл ислам бизнесі мен қаржысы саласындағы кәсіби мамандарға берілетін сый. Үздіктерді марапаттау рәсімі Дубайда өтті. Мақсат – исламдық қаржыландыру жүйесінде қызмет ететін әйелдерге қолдау көрсету. Сондай-ақ, марапатты ұйымдастырушы - Кембридж исламдық қаржыландыру институты әйелдерге өз бизнесін ашу үшін капиталға оңай қол жеткізуге мүмкіндік беруді көздейді. Биыл исламдық қаржыландыру саласы өркендеген елдерден,,, 500 кәсіби маман әйел таңдалған. Олардың қатарында біздің отандастарымыз да бар. Мадина Тұқылова Астана халықаралық қаржы орталығында исламдық қаржыландыру саласын дамытуға атсалысқаны үшін, Гүлнәр Мұқанова бұл бастама жөніндегі ақпаратты қоғамға жеткізгені үшін үздік атанды.

Сондай-ақ...