Оқушылардың үлгерімі: Азия көш бастап тұр
Ал Азия құрлығында тұратын жасөспірімдер оқу үлгерімі бойынша ең үздік деп танылды.
Оқушылардың білімін бағалайтын халықаралық зерттеудің нәтижесі осындай. Ал Еуропада керісінше, көрсеткіш көңіл көншітпейді. Мамандар бұл коронавирустың кесірі -дейді. Екі жылҒа созылған пандемия балалардың оқу үлгеріміне зардабын тигізген.
Оқушылардың білімін бағалаудың халықаралық бағдарламасы 15 жастағы оқушылардың білім деңгейін тексереді. Олардың оқу, математика және жаратылыстану ғылымдарына қатысты үлгерімі бағаланады. Бұл 2000-жылдан бері жалғасып келе жатқан тәжірибе. Зерттеу нәтижелері үш жылда бір рет жария етіледі. Осы жолы рейтингке 81 ел мен БҰҰ мойындамаған квази- мемлекеттер кірді. Соған сәйкес, Азия елдері ең үздік нәтиже көрсеткен. Сингапур көш бастап тұр. Тізімнің алғашқы орындарынан Макао, Тайвань, Гонконг, Жапония мен Оңтүстік Корея көрінген. Аталған өңірлер үш санат бойынша да үздік ден танылды. Рейтингке Қазақстан бар. Біз математика бойынша 8 позицияға жоғарылап, бұл жолы 46-орынға орнықтық.
Еуропада оқушылардың үлгерімі төмен
Бірақ Еуропа елдеріндегі жағдай онша емес. Мұнда жасөспірімдердің оқу үлгерімі төмендеп барады. Әсіресе Балқан түбегіндегі елдердегі көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Германия мен Польшада ДА балалардың үлгерімі күрт нашарлап кеткен. Жалпы, Еуропа бойынша ең жақсы нәтиже Эстонияда. Бұл мемлекет осымен бірнеше жыл үздіктер қатарынан көрініп келеді. Сарапшылар бәріне 20 жыл бұрынғы саясат себеп дейді. Ол кезде Эстонияда,,,білім беру саласында жаңа технологияларды қолдануға ерекше көңіл бөлінген. Сол бастама қазір өз нәтижесін беріп отыр дейді сарапшылар.
Коронавирустың зардабы
Жалпы, тізімнің соңында Доминикан Республикасы, Парагвай мен Камбоджа тұр. Мамандар жасөспірімдер үлгерімінің төмендеуіне пандемия әсер еткенін айтады. Өйткені көбі онлайн оқуға мәжбүр болды. Коронавирустың кесірін АҚШ-та жүргізілген білім беру жүйесін ұлттық бағалау нәтижелері де көрсеткен. Оған сәйкес, елде оқушылардың үлгерімі кейінгі 30 жылда болмаған ең төменгі деңгейге дейін нашарплап кеткен.