Оңтүстік Корея еліміздің автомобиль өнеркәсібі үшін мамандар даярлайды

Қостанай өңірлік университеті мен Пусан университеті ректорлары осындай меморандумға қол қойды.

Оған сәйкес, қазақстандықтар келер жылдың наурын айынан бастап Оңтүстік Кореяның жоғарғы оқу орнында білім ала бастайды. Ал оқуын тәмамдаған соң Қостанай облысындағы көлік шығару зауытында жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, машина жасау кәсіпорнының құрылысы бір ай бұрын басталған болатын. Зауыт 2025 жылдан бастап жылына 70 мың автокөлік шығарады. Кәсіпорында бір жарым мың адам жұмыс істейді.

Сейітбек Қуанышбаев, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры:

- Қазіргі таңда конкурс өткізілген бұл конкурстың ішінен ең үздік жақсы оқитын және тілге білуіне қабілеті бар және тіл білімі жеткілікті студенттерді біз дайындап сол студеттердің құжатын ала келдік. 1 наурыздан бастап біздің 3 студентіміз осы жерде студентердің арасында топқа кіріп бұл топтар мен бірге жұмыс жасайды.