Әлемдегі ең үлкен шыршаның шамы жағылды

Италияның Губбио қаласында әлемдегі ең үлкен шыршаның шамы жағылды.

Биіктігі 900 метрлік мерекелік нышанды орнатумен еріктілер екі ай бойы айналысқан. Тау баурайындағы көлемі үш футбол алаңына тең келетін инсталляция алыстан жалт-жұлт етіп «менмұндалайды». Шамдарды бір-біріне жалғау үшін 7,5 мың метр сым қолданылған. Әлемдегі ең үлкен шырша 1991 жылы Гиннесс рекордтар кітабына енген болатын.