Лас-Вегаста тұрғындарға шабуыл жасаған кім?
Лас-Вегаста тұрғындарға шабуыл жасап, артынша өлім құшқан күдіктінің кім екені белгілі болды.
Ол 67 жастағы жұмыссыз ғалым. Жергілікті полицияның айтуынша, қаскөй бұған дейін де істі болған. Невада университетінің басшылығы оны жұмысқа қабылдамаған. Осыған ыза болған ол университет ғимаратына шабуыл жасаған болуы мүмкін дейді құзырлы орган. Сондай-ақ тұрғындарға оқ атпас бұрын пошта арқылы оқу орнының бірнеше қызметкеріне атын жасырып хат жолдаған. Хаттың бірінен ұнтақ тәріздес белгісіз зат табылды.
Еске салайын, осы сәрсенбіде Невада университеті кампусы маңында тұрғындарға шабуыл жасалып, 3 кісі мерт болған еді. Тағы бір адам жарақат алған. Құрбандардың барлығы Невада университетінің профессоры болып шықты.