Тбилисидегі жәрмеңкеге қазақстандық өнім қойылды
Тбилисидегі қайырымдылық жәрмеңкесінде сауда сөрелеріне қазақстандық тауарлар шығарылды.
Грузиядағы Қазақстан елшілігі осымен үшінші жыл қатарынан мұнда ұлттық тағамдарды, тәттілер мен кәдейсыйларды ұсынып отыр. Жалпы іс-шараға 27 мемлекеттің елшілігі қатысқан. Жәрмеңкені жыл сайын Грузия әйелдерінің қауымдастығы өткізіп отырады. Оның Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылуы бекер емес. Түскен ақша тұрмысы төмен отбасыларға, сондай-ақ балаларға сыйлыққа жұмсалады. Былтырғы жәрмеңкеден 56 мың доллар жиналған.
Салтанат Камалидинова, Қазақстанның Грузиядағы елшілігі қызметкерінің әйелі:
- Жыл сайын дайындығымызды жақсартып, сұраныс жоғары өнімдерді әкелуге тырысып жатырмыз. Бұл жерде келушілер тарапынан қазақстандық шоколадты сұрайтындар өте көп. Біз тек тамақ қана ұсынбаймыз. Кәдесыйлар да бар.
Жәнібек Бекмұратов, жәрмеңке келушісі:
- Мен қазір Грузияда тұрамын. Бұл жерде ұлттық тағамдарды сағынасын. Бауырсақ, самса, қазыны жегің келеді. Сондықтан мынадай іс-шарадан қалмауға тырысамын.
Йоханна Мюльманн, Грузия әйелдері халықаралық қауымдастығының президенті:
- Түскен ақшаны қайымдырдылық жобаларына жіберідеді. Мысалы, тұрмысы төмен жандарға көмектесетін Тбилисидегі бір ұйымнан сауал түсті. Коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай жүргендер адамдарға да жәрдемдесеміз. Балалар үйірмесін ұйымдастыратын тағы бір мекемеге да қолдау білдірдік.