Нобель сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті
Стокгольмде Нобель сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Ғылым және әдебиет саласы бойынша 10 лауреат үздік деп танылды. Химия бойынша жүлде кванттық нүктелерді ашып синтездегені үшін Бавенди Мунги, Луис Брус және Алексей Екимовқа табысталды. Ал медицина және физиология бойынша Каталин Карико және Дрю ВАйсман сыйлыққа лайық деп танылды. Қос ғалым коронавирус инфекциясына қарсы екпе ойлап тапқан. Экономика саласындағы құрметті марапат америкалық профессор Али Клаудия Голдинге, ал әдебиет бойынша норвегиялық жазушы Джон Фоссқа берілді. Физика ғылымында Али Пьер Агостини, Ференц Краус және Ан Л'Юилье «Нобель» сыйлығының иегері атанды. Жүлде ғалымдарға атом құрамындағы бөлшектер қабынуын жылдам анықтайтын ультрақысқа жарық импульстарын жасап шығарғаны үшін берілді.