Музыка жүрек соғу жиілігін жақсартады
Австралиядағы ауруханаларда балалардың жүрек соғу жиілігін жақсарту және тұрақтандыру үшін музыкалық терапия енгізілген.
Жан тыныштығына бөлейтін әдіс шақалақтардың жетілмеген жүрегін қалыпқа келтіріп, өмірін аман алып қалуға ықпал етеді. Бұл техника 30 жылдан бері медицинада қолданылып жүр. Осы күнге дейін 750-ге жуық бала дертінен айыққан. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар бүлдіршіндерді емдеуде де оң нәтиже беріп келеді дейді дәрігерлер. Қазір Австралияның бірнеше ауруханасы осы әдісті қолданады.
Жанетт Кеннелли, дәрігер:
- Біздің ауруханада музыкалық терапиядан өткісі келетін пациенттер жолдама арқылы келіп ем ала алады. Бұл әдіс, шын мәнінде, балалардың жүрек қағысын реттеп, жақсартып қана қоймай, өмірге құлшынысын оятады.