Электрондық сауданың үлесі жоғары
Бүгінде электрондық саудаға сұраныс жоғары.
Оған технологиялардың дамуы әсер етті. Статистика сатып алушылар өз таңдауын жасағанда, тауардың қоршаған ортаға зияны жайлы да жиі ойлана бастаған. Компаниялар да экологияға көп көңіл бөледі. Сөйтіп тауарын қаптауға не жеткізуде қоршаған ортаға зиянын мейлінше азайтуға тырысады. Сұраныстың артуына әлеуметтік желілердің де көп көмегі тиді. Мұны Вьетнамдағы көрсеткіштерден аңғаруға болады.
Электрондық сауда дегенде бірден ойға Қытай келеді. Расымен, шығыстағы көршіміз - бүгінде саладағы озық мемлекет саналады. Мұнда әсіресе трансшекаралық сауда қызып тұр. Кейінгі 5 жылда оның көлемі 10 есе артқан. Өйткені мұнда тауар көп. Баға арзан. Логистика жағы жақсы ұйымдастырылған. Коронавирус пандемиясы кезінде көп компания онлайн жұмысқа көшіп, сол қарқынды сақтап қалды. Сөйтіп биыл алғашқы 8 айдың ішінде электронды сауда көлемі 1 жарым триллион долларға жуықтады. Екі жылдан кейін көрсеткіш 3 жарым триллионнан асады деген болжам бар. Электронды саудада Қытайда 70 миллион жұмыс орны ашылған.
Ик Джом, Tmall Global сауда платформасының өкілі:
- Бұрын мен Оңтүстік Кореяға жиі баратынмын. Достарым сол жерден сатып алуға болатын тауарлардың тізімін жіберетін. Өйткені бағасы арзан. Қазір электронды сауда дамыған заманда, оның қажеті жоқ. Бәріне онлайн тапсырыс бермін. Меніңше 10-20 жылдан кейін бізді одан да үлкен өзгеріс күтіп тұрған сияқты.
Әлеуметтік желілердің пайдасы
Вьетнамда да электрондық сауда қызып тұр. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша салада ең тез дамып келе жатқан елге айналды. Биыл сатылымдар көлемі 20 миллирд доллардан асуы тиіс. Бұған әлеуметтік желілердің көмегі тиген. Елде жастар көп. Олар ТикТок секілді қосымшаларды жиі қолданады. Сондықтан компаниялар тауарларын осындай платформалар арқылы сатып, мол табысқа кенеліп отыр. Мұны шетелдік кәсіпкерлер де жақсы түсініп отыр. Сондықтан электрондық саудадағы қытайлық алпауыт компаниялар Вьетнамда өз қоймаларын салған.
Оуэн Чжан, Қытайдың JD Logistics компаниясының Вьетнамдағы қоймасының басшысы:
- Небәрі бір жыл ішінде біздің комапнияның Вьетамдағы тапсырыс көлемі 65 пайызға артты. Қытайдағы тәжірибеміздің арқасында одан да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.
Сұраныстың арту себебі
Жалпы, электронды саудаға деген сұраныстың артуына себеп көп. Коронавирус пандемиясы кезінде көп компания онлайн жұмыс тәртібіне көшкен. Сөйтіп оның тиімді екеніне көз жетті. Және қазір мобильді құрылғылардың танымалдығы артып барады. Адамдарға дүкенде тауар іздеп жүргеннен гөрі гаджет арқылы тапсырыс бере салған ыңғайлы. Бұл компаниялар үшін де тиімді. Өйткені өз ісін бастағанда орын жалдау, қызметкерлердің жалақысын төлеу деген секілді шығындары жоқ. Бұдан бөлек әлеуметтік коммерцияның маңызы артып барады. Компаниялар өз өнімдерін сату үшін әлеуметтік желілерді жиі қолданатын болған. Десе де сарапшылар эектронды сауданың кемішіліктері туралы да ұмытпаған жөн дейді. Бұл жоғары бәсеке. Логистикаға қатысты қиындықтар. Жеткізу уақытының артуы. Киберқылмыс қаупі де басым.