Парижде ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы өтті
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы Еуразия апталығында қазақстандық делегация қатысушыларға еліміздегі реформаларды таныстырды.
40 елді біріктіретін ұйым жыл сайын жоғары деңгейдегі кездесулер өткізеді. Оған Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ бен Шығыс Еуропа елдерінің өкілдері де қатысады. Бұл жолы Еуразия апталығы экономикалық өсім, кәсіпкерлікті дамыту және жасыл технологияларға арналды. Қазақстандық делегация біздегі төмен көміртекті экономика стратегиясын таныстырды.