АҚШ қаржы-несие саясатын қатаңдатады
Қымбатшылық қарқын алып бара жатқан ел - Аргентина.
Мұнда инфляция деңгейі үш таңбалы санаға жеткен. Жылдық көрсеткіш 150 пайызға жуықтады. Мемлекет кейінгі жылдары күрделі экономикалық дағдарыстан көз ашпай келеді. Салдарынан қазір тұрғындардың 40 проценті кедейшілікте өмір сүреді. Жақында билікке келген президент Хавьер Милей мамандығы бойынша экономист. Ол дағдарысты еңсеру үшін жаңа бағыт ұстанатынын жеткізді. Қатаң үнемдеу шараларын қолға алып, бұл ретте ең алдымен мемлекет шығындарын қысқартамын деп отыр.
Лаура Рипол, мұғалім:
"Білмеймін, бірақ меніңше үнемдеу шараларынан ең алдымен қарапайым халық зардап шегеді. Қазірдің өзінде жетісіп жүрген жоқпыз. Қоғамдық көлік ақысы өсті. Азық-түлік бағасы шарықтап барады. Ал жалақымыз сол күйіне қалып отыр."
АҚШ билігі елдің қаржы-несие саясатын қатаңдатамыз деп отыр. Демек пайыздық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін. Инфляцияны басқаша тежеу мүмкін емес- дейді. Елде әсіресе дәрі-дәрмек бағасының өскені қатты сезілді. Бір жылда кейбір препараттар 4 есе қымбаттаған. Сондықтан бағаны реттеуді Президент әкімшілігінің өзі қадағалайтын болды. Енді дәріханаларға айыппұл салынады. Бұл туралы Джо Байденнің өзі ескертті.
Джо Байден, АҚШ Президенті:
"Ұзақ жылдар бойы фармацевтикалық компаниялардың бағаларды көтеруін ешкім қадағаламай келді. Сол үшін былтыр заң қабылданды. Ол бағаны инфялция деңгейінен асырмауға тыйым салады. Алайда талапқа бағынбай жатқандар көп. Сондықтан оларға айыппұл салынады. Оның мөлшері инфляция деңгейі мен препараттың өз бағасы арасындағы айырмашылыққа тең болады. 48 дәрінің бағасы көтерілгенін білдік. Оны 750 мың америкалық тұтынады. Былтыр 64 препарат жеңілдікпен сатылды. Соның нәтижесінде қарт кісілер 600 долларға дейін үнемдей алды."
Инфляцияға қатысты ең күделі жағдай Венесуэлада. Оның деңгейі 360 процентке жеткен. Қазір мемлекет анти рейтингті бастап тұр. Және ол жағдай соңғы 10 жылда өзгерген емес. Оған мұнай бағасының құлдырауы мен АҚШ-тың салған санкцияларын қосыңыз. Өйткені Венесуэла экономикасының 90 проценті қара алтыннан түсетін пайдаға тәуелді. Сарапшылар бұл қиындықты еңсеру үшін биліктің ұстанған саясаты қолбайлау болып отыр- деген баға берді.