Австралияда қарттардың жүрегіне тіліксіз операция жасалды
Австралия астанасының кардиохиругтары жүрегінде ақауы бар 2 қарияға тіліксіз операция жасады.
Мұндай ота Канберра қаласында алғаш рет жүргізілді. Операция қаншалықты сәтті өтті?
Ян мен Дорис ауруханаға жүректерінің қолқа қақпақшасы сыр беріп түскен. Бірақ 80-ге келген қос қарияға дәстүрлі жолмен ота жасау қауіпті болды. Оның үстіне мұндай операция көрші Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында ғана жүргізіліп, науқастардың қалпына келуі үшін кем дегенде 3 ай кететін. Ал жаңа әдістің арқасында науқастар үйіне енді 3 күн ішінде-ақ орала алады.
Ян Гуанг, науқас:
- Өмірге қайта келгендеймін. Тіпті не айтарымды білмей тұрмын. Керемет сезім.
Дорис Такер, науқас:
- Бұрын еш жерім ауырмаған сияқты күйде отырмын. Операция жеңіл өтті. Тіпті сезбей де қалдым.
Операция шағын инвазивті, яғни тіліксіз әдіспен жасалды. Әдетте мұндай ота науқастар үшін жеңіл болады. Операциядан кейін адам тез сауығады. Кеуде қуысындағы ауырсыну, талып қалу және демігу секілді белгілер толығымен жойылып кетеді.
Никхил Пал, кардиолог:
- Жас ұлғайған сайын адамның жүрек қақпағы тарылып, оның қабырғалары сығыла түседі. Осыдан барып кей кездері қан жеткілікті мөлшерде шықпай, жүректің жұмыс істеу қабілеті нашарлайды. Егер ол ағзадағы маңызды мүшелерге, мысалы, өкпеге жетпесе, сіз дем ала алмай қаласыз.
Австралияның өзге қалаларында дәл осы әдіспен 10-нан астам науқасқа оперция сәтті жасалған. Енді Канберра дәрігерлері болашақта мұндай әдісті кардиологиялық орталықтың күнделікті тәжірибесіне енгізуге ниетті.
Фариза Жанғанаева, Сандуғаш Байғуаныш, 24KZ