АҚШ-тың Филадельфия қаласында Тәуелсіздік күні атап өтілді

Шаһар орталығында еліміздің әнұраны шырқалып, салтанатты түрде байрағымыз көтерілді.

Қала көшелерімен көк туымызды желбіретіп, автошеру жүріп өтті. Салтанатты шарада Нью-Йорктегі Бас Консул Раушан Есболатова жиналған жұртты құттықтап, екі мемлекет арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Мереке қарсаңында Қазақстан туы Филадельфияда осымен үшінші мәрте көтеріліп отыр. Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігімді алғаш болып мойындаған елдің бірі. Ал Филадельфия АҚШ-тың алғашқы астанасы болып, 1776  жылы осы мемлекеттің тәуелсіздік декларациясы қабылданған шаһар.