«Жас Тұлпар» мерейтойын атап өтті

Ресейдегі қазақстандық студенттердің «Жас Тұлпар» бірлестігі еліміздің Тәуелсіздік күніне орай концерт қойды.

Салтанатты іс-шара осы қазақ студенттері ұйымының 60 жылдық мерейтойына арналды. Кеште Мәскеу мемлекеттік университеті мен тағы басқа оқу орындарында білім алып жүрген қазақ жастары өнер көрсетті. «Жас Тұлпар» 1963 жылы Мәскеуде құрылған. Оны ұйымдастырушылардың бірі еліміздің танымал қоғам қайраткері Мұрат Әуезов. Қауымдстықтың мақсаты қазақтың мәдениетін, өнерін және әдебиетін дәріптеу болған.

Ақнұр Көздібай, «Жас Тұлпар» қоғамының төрайымы:

- Біздің ұйым көптеген шараларды ұйымдастырады. Ресей бойынша алпыс мыңнан астам студентіміз білім алады, оның ішінде он мыңнан астамы Мәскеуде оқиды. Әр жоғары оқу орнында өзіміздің өкілдеріміз бар, әр университетте өз төрағалары бар. Мереке сайын студентердің басын қосып, іс-шараларды өткізуге тырысамыз.