Австрия жұрты Қазақстанның мәдени мұраларымен танысты
Венадағы ұлттық кітапханада көрме ашылды.
Онда Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі қорының жәдігерлері қойылған. Олардың арасында көшпенділердің музыкалық аспаптары, тұрмыста қолданылған заттары мен киімдері бар. Қазақтың киіз үйі де тігілді. Көрме қонақтарына "Алатау" ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Домбыра, қобыз және сазсырнайда отандық композиторлардың шығармалары орындалды. Көпшілікке "Бесікке салу", "Тұсау кесу", "Беташар" секілді салт-дәстүрлеріміз көрсетілді. Шетелдіктер қазақ даласының ұлы рухы кәрі құрлық тұрғындарына ерекше әсер еткенін жеткізді.
Роланд Баумгартнер, композитор:
- Мәдени іс-шараны атап өту үшін мұнда керемет жандар жиналды. Елдеріңізді жаңа қырынан танып жатырмыз. Қазақстан Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көпір іспеттес.